Выберите город
Добавить объявление
Меню
Блог Магазины Поиск на карте Помощь
Категории
Услуги Автоуслуги Барахолка Работа Отдых и релакс Транспорт Недвижимость Красота и здоровье Животные Помогите

Финансовые услуги {city}

Психологи, целители, астрологи, гадалки

Услуги
Автоуслуги
Барахолка
Работа
Отдых и релакс
Транспорт
Недвижимость
Красота и здоровье
Животные
Помогите

Жол-патрульдік полиция қызметкері тоқтатқан кезде не істеу керек?

13 сентября 2021 22

Жүргізуші қандай жағдайда тоқтау керек?

ҚР «Жол жүріс қағидаларының» 2 бабы 1 бөлімінің 2 тармағы бойынша:

  • егер Жол-патрульдік полиция қызметкері, көліктік бақылау органдарының нысанды киім киген қызметкерінің дауыс күшейткіш құрылғысының көмегімен, ысқырып сигнал берумен, сіздің көлігіңіздің сәйкестендіру белгілерін және/немесе мемлекеттік нөмір белгісін айтып тоқтата алады.
  • егер қызметкер жаяу жүрсе, сізге қолмен (таяқшамен) және тоқтау керек жерді көрсете отырып, сол жерге сіз аялдама жасауға міндеттісіз.

 

Ішкі істер органдарының қызметкері көлік құралын тоқтатқан жағдайда қандай әрекеттер жасауға міндетті?

ҚР "Жол жүрісі туралы" Заңының 52-бабы 3-тармағына сәйкес:

Жол-патрульдік полиция қызметкері жүргізушіні тоқтатқаннан кейін жүргізіші көлік құралында қалып, инспекторды күту керек. Жол-патрульдік полиция қызметкері өз кезегінде өзін таныстыруға және жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігін танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін көрсетуге тиіс.

 

Ішкі Істер Қызметкерінің талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға не негіз болып табылады және қандай жағдайларда оған тыйым салынады?

ҚР "Жол жүрісі туралы" Заңының 52-бабының 1-тармағына сәйкес, тоқтату себебі болуы мүмкін: жол қозғалысы ережелерін бұзу, жүргізушінің құжаттарын тексеру, жол қозғалысын реттеу, рейдтер өткізу және т.б.

ҚР "Жол жүрісі туралы" Заңының 52-бабының 2-тармағына сәйкес, Ішкі Істер қызметкерінің осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздермен ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға тыйым салынады.

 

Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізуші куәлігі мен техникалық паспорт  болуы міндетті ме?

2021 жылдың 01 ақпанында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»  осыған сәйкес қазақстандық жүргізушілерге өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық паспорттарын өздерімен бірге алып жүруге қажеті жоқ.

Жол-патрульдік полиция қызметкері электронды база арқылы сіздің құжаттарды тексеру алады ол үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз  жеткілікті.

Бірақ бұл ереже көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерге және қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге қолданылмайды.

 

 Сізді Жол -патрульдік полиция қызметкері тоқтатқан кезде қандай құқығыңыз бар?

ҚР "Жол жүрісі туралы" Заңының 54-бабының 2-тармағына сәйкес,көлік жүргізушісінің құқықтары анықталған осыған сәйкес жүргізуші құжаттарын тексеруге құқығы бар лауазымды тұлғадан көлік құралын тоқтату себебін түсіндіруге, лауазымды тұлғаның аты-жөнін анықтауға, көлік құралын тиісті санатта басқаруға, жолаушылар мен жүктерді жолдармен тасымалдауға құқылы.

 

Әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша заңгерлік кеңестер. Біздің кеңсенің жұмысындағы басты қағидаттар-кәсіпқойлық пен жауапкершілік.

«Назханов және Серіктестер» кеңсесі әрқашан көмекке келуге дайын!

 

         Бізбен мына нөмір бойынша байланысуға болады + 7 778 423 57 38.

Комментарии

Этот Сайт использует файлы cookies для более удобной работы пользователей с ним. Продолжая любое дальнейшее использование Сайта, Вы соглашаетесь с этим. Более подробная информация доступна в Политики использования cookie

Понятно
Аукцион завершен
минут
секунд
Выбрано
Добавить
Аукцион завершен
Скрыть параметры
Все параметры
Вы действительно хотите удалить страницу?